Жетісу облысындағы тасжол бойында жол қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Полиция департаментінің Instagram парақшасына сілтеме жасап.
«Алматы – Өскемен» тасжолының 410 шақырымында 22 жастағы Toyota Camry жүргізушісі 34 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол қызметі жұмысшысы жол-көлік оқиғасы кезінде жол бөлігіне белгі қойып жатқан. Ер адам оқиға орнында соққыдан қаза болған.
«Көлік апаты бойынша қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Автокөлік арнайы тұраққа орналастырылды», делінген өңірдің полиция департаментінің ресми парақшасында.