Отан алдындағы мерзімді әскери борышын өтеуге шақырылған азаматтардың несиесін кейінге шегеру жалғасып келеді. Бұл туралы ҚР Қарулы күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Бауыржан Артықов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
2022-2023 жылдары жүргізілген зерттеу бойынша 20 300 несие сарбаздардың еншісінде екенідігі анықталған. Олардың банк алдындағы берешегі - 3,2 миллиард теңге. Бүгінгі күнде 5 мыңнан астам әскери қызметшінің 1,4 миллиард теңге көлеміндегі несие қарызын өтеу мерзімі кейінге шегеріліпті.
Айта кетсек, елімізде әскерге шақырудың күзгі науқаны басталды. Жыл соңына дейін 19 мыңнан астам азамат әскерге шақырылады.