• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Қыркүйек, 2023

Отбасы күніне орай жүгіру марафоны өтті

261 рет
көрсетілді

Астанада Отбасы күні мерекесіне орай Көктал саябағында жүгіру марафоны өтті, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Жарлығымен 2013 жылдан бастап әр қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні мерекесі атап өтіледі. Отбасылық мерекеге орай, алғаш рет «Koktal run» жүгіру марафоны ұйымдастырылып, 3 жас ерекшелігі бойынша жеңімпаздар анықталды.

«Бүгінгі іс-шарамызды Отбасы күніне орай ұйымдастырып жатырмыз. Осы мақсатта жүгіру спортын таңдадық. Қысқа қашықтық болғандықтан, кез келген тұрғынның қатысу мүмкіндігі болды. Сайысқа қаламыздың 200-ден астам әуесқой спортшысы қатысты. Отбасында дұрыс тәрбиені бойға сіңіруіміз қажет. Жүгіру – соның көрінісі. Ата-ананың жүгіргенін көріп, бала да салауатты өмір салтын ұстанатыны анық», деді Сарыарқа ауданының маманы Дамир Хисматуллин.

Марафонда ерлер мен әйелдер 5 шақырымға, жасөспірім ер балалар 2 шақырымға, қыздар 1 шақырым қашықтыққа жүгірді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль, бағалы сыйлықпен марапатталды.