• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Қыркүйек, 2023

Қазақстан құрамасы жеңді

257 рет
көрсетілді

Футболдан келесі жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу аясындағы  6-турда Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландия футболшыларын 1:0 есебімен ұтты. 27-минутта Максим Самородов гол соғып, құраманы алға шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Н тобында алты матчтан кейін Қазақстан құрамасы 12 ұпай жинап, турнир кестесінде 2-сатыға жайғасты. Қазақстан футболының тарихында біздің құрама бұрын-соңды іріктеу  кезеңінде 12 ұпай жинаған емес. Бас бапкер Магомед Адиев баптайтын жігіттер сол белеске шықты. Құрама футболшылар іріктеудің келесі матчын 14 қазанда сырт алаңда Дания құрамасына қарсы өткізеді.