Облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға бүгін, 11 қыркүйекте таңғы сағат 7:15-те Шиелі кентіндегі жеке тұрғын үйде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Алдын ала болжам бойынша Н.Бекежанов көшесіндегі жеке тұрғын үйде табиғи газдан 2017 және 2020 жылдары туған екі бала уланып, көз жұмды. Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 1 қызметкер барды», делінген департамент хабарламасында.
ТЖД өкілдері газ пештері мен газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.