• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әскер 14 Қыркүйек, 2023

700 азамат әскерге шақырылады

170 рет
көрсетілді

Президент Жарлығына сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қыз­мет­ке шақырудың күзгі науқаны басталды. Әскерге шақыру науқаны 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін жалғаспақ. Биылғы әскерге қабылдаудың ерекшелігі – іс-шаралар ашық өтіп, комиссия жұмысын сарбаздардың ата-аналары мен қоғамдық комитет өкілдерінің бақы­лауына мүмкіндік бар.

Биылдан бастап әскери борышын өтеген отандастарымызға біршама жеңілдік қарастырылған. Бұл туралы өңірлік коммуникация­лар қызметі алаңында Абай об­лыстық Қорғаныс істе­рі жөнін­де­гі департамент басты­ғының орын­басары Қанат Шәріп­ханов БАҚ өкілдерімен кездесуінде мәлімдеді.

– Биылдан бастап әскери қыз­мет өткеру кезеңінде тәртібі жақ­сы, жауынгерлік дайындықта жоғары нәтижелерге қол жеткізген үздік әскери қызметшілерге ЖОО гранты есебінен тегін жоғары білім алуға мүмкіндік беріледі. Қазіргі таңда Қорғаныс министрлігі 70-тен астам жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемесімен келісімшарт жасап отыр. Сондай-ақ әскери қызметке барған жастардың несие төлеу мерзімі шегеріліп, 13 ай бойы кредиттік демалыс мүмкіндігін алады, – дейді Қанат Шәріпханов.

Қорғаныс істері департаментінің нақты дерегімен айтар болсақ, Абай облысы бойынша әскерге жарамды азамат саны 21 мыңнан асады. Ал осы күзгі науқанда 700 аза­мат әскери қызметке жарамды­лар қа­тарында. Оның ішінде Қа­рулы күш­тер қатарына – 290, Ұлт­тық ұланға – 240, ҰҚК Шекара қыз­ме­тіне – 120, Мемлекеттік күзет қыз­­метіне – 10 және Төтенше жағ­дай­лар министрлігіне 40 бозбала ша­қырылады.

Шекара қызметі департамен­тінің тәрбие, идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімінің басшысы Айдын Шұрымбаев сарбаздар үшін тағы бір оңтайлы жайдан хабардар етті. Әскер қатарына алынған азаматтар ел алдындағы борышын енді өз өңірінде өтеуіне де мүмкіндік қарастырылған. Бұл қадам ведомстволық тәртіптің, мо­ральдық-психологиялық ахуал­дың жақсаруына, сонымен қатар әскери қызметшінің өз өңірінде келісімшарт бойынша қызметке шақырылуына да мүмкіндік береді.