Кәсіпкерлік дамыса, ел дамиды, экономика нығайып, халықтың әлеуметтік ахуалы жақсарады. Ресми мәліметтерге сенсек, Қазақстанда қазір 2 миллионға жуық шағын және орта кәсіп субъектісі бар. Олардың басым бөлігі – жеке кәсіпкерлік. Ал кәсіп үшін қаржыландырудың маңызын айтпаса да түсінікті.
Біз бүгінгі тақырыбымызда «Кәсіпкерлер неліктен KMF-ті таңдайды?» деген сұрақтың жауабын іздемекпіз. Себебі бұл компания отандық шағын кәсіпкерлік әлемінен ойып тұрып орын алды. KMF микроқаржы индустриясының көшбасшысы саналады. Компанияның стратегиясы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Нарыққа 1997 жылы келген ұйымда бүгінге дейін жүздеген мың клиентке қызмет көрсетілді. KMF микроқаржыландыруға қолжетімділікті қарапайым, ыңғайлы және жылдам ете отырып, цифрлық қызметтерді жақсартуды және өз клиенттеріне одан да көп мүмкіндіктер беруді жоспарлап отыр. KMF клиенттерінің басым бөлігі – агросектор өкілдері, таратып айтқанда, екінші деңгейлі банктердің аяғы жетпей жатқан ауыл фермерлері.
Компанияда дәл қазір 255 мыңнан аса клиент бар. Солардың бірі Түркістан облысы Төле би ауданы Көксәйек ауылдық округінің тұрғыны Мұхтархан Рысақбаевтың өткен өмірін бүгінімен салыстыруға келмейді. Осыдан біраз жыл бұрын жұмыссыз қалған сәтте тым құрығында күзетші болармын деп ойлапты. Қазір ол бизнестің төрт бағытын игеріп, ірі кәсіпкерге айналып үлгерген.
«Несие алғанда мен оның пайызына назар аудармадым. Нарықта тегін өнім түрі жоқ. Мәселе – алған несиеңді дұрыс бағыттай білуде. KMF-тен 20 млн теңге несие алып тұрып, келешекте бұл қаржыны 100 млн теңгеге көбейтемін деген жоспарды көкейге түйіп қойдым. Кезінде несиеге алынған екі миксерім қазір екі зауытқа айналды. Қиналған сәтте қол созған KMF-ке деген алғысым шексіз», дейді кәсіпкер.
KMF дәл қазір бизнеске, агро мен тұтынушылық мақсаттарға микрокредит ұсынады. Біз алдағы уақытта олардың әрбіріне жеке тоқталып, таратып айтамыз. Ал бүгін бірегей «KMF-Достар» туралы айта кетейік. «KMF-Достар» – микрокредиттік өнім, түсінікті тілмен айқанда, топтық қаржыландыру. Бұл өнім бойынша 10 адамға дейін жинақталған топ мүшелерінің әрқайсысы 7 млн теңгеге дейін және кепілсіз несие ала алады. Оның бірегейлігі мынада: топтағы 10 адам бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін жауапты, мұндағы кепілдік – достар мен таныстар арасындағы сенім мен жауапкершілік.
Сондай-ақ KMF ұсынып отырған бағдарламалар арасында ауыл шаруашылығымен айналысатындар үшін арнайы жеңілдіктер бар. Мысалы, жеңілдікті кезең, 1 жылға несие алған фермер жылдың 10 ай бойы несиенің негізгі пайызын ғана төлейді. Ал соңғы екі айда, яғни өнімін жинап алған кезде негізгі қарызды төлейді.
KMF өкілдерінің айтуынша, мұнда әр клиентке жеке жағдай жасалады, әрбірінің жеке менеджері бар. Олар клиентімен әрдайым байланыста, кез келген сұрақтарына жауап беріп, кеңесін аямайды.
КМF-тің нарыққа ұсынып отырған тағы бір тамаша қызмет түрі – факторинг. Бұл күрделі мәселелерді шешіп, тек қаржылық емес, сонымен қатар сатып алушы мен жеткізуші арасындағы ұзақмерзімді серіктестікке де әсер етеді. Факторинг – кейінге қалдырылған төлем шарттары бойынша клиенттермен жұмыс істейтін бизнес үшін қолайлы құрал. Бұл құрал сатып алушыға тауар жөнелтілгеннен кейін ақшаны бірден алуға және қолма-қол ақшадағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді.
Қарап отырсақ, қаржы ұйымының кәсіпкерлер үшін жасаған бағдарлама мен ұсыныстары жетерлік, қаржы сауаттылығын арттыруға арналған тегін сабақтары – бір төбе. Сол үшін де кәсіпті ресми жүргізіп, жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің маңызы – осында. Жеке кәсіпкерлік үшін қаржыландыру саласында мүмкіндіктер сан алуан, себебі ресми тіркелген бизнеске қаржы ұйымы да, түптеп келгенде клиент те көбірек сенеді.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы
Алматы