• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Қыркүйек, 2023

Жылыту маусымына әзірлік пысықталды – Үкімет

207 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңір әкімі Ермек Көшербаевпен бірге Өскемен және Риддер ЖЭО-ларында болып, жаңа жылыту маусымына дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өңірдегі жылу нысандарында жөндеу жұмыстары аяқталып, ЖЭО іске қосу-баптау кезеңіне дайындық үстінде. Шығыс Қазақстанда Риддер ЖЭО-ны қайта құру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Премьер-министрдің бірінші орынбасарына Риддер ЖЭО-да іске қосу-реттеу жұмыстары белгіленген кестеге сай жүргізіліп жатқаны туралы айтылды. № 1, 2, 3 қазандық агрегаттарын жөндеу аяқталуға жақын, экрандардың беттері жиналып, орнатылды, бір күн бұрын қазандықтар тазалау жұмыстарын жүргізу үшін сумен толтырылды. Сонымен қатар делегация жұмыс сапары барысында Өскемен ЖЭО-ға да барып қайтты», делінген ақпаратта.

Шығыстағы жылу электр орталықтарына жөндеу жұмыстары биылғы  жылыту маусымы аяқталған соң қолға алынған болатын.  Жөндеу жұмыстарының 80 пайызы аяқталып, 5 қазандық агрегаты мен 8 турбоагрегатқа жөндеу жүргізілді.