• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 08:57

Әлеуметтік төлем алу үшін жалған жұмысқа орналасқан 4 мыңнан астам қазақстандық анықталды

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының мамандары 258 адал емес кәсіпкерлік субъектісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

Белгілі болғандай, бұл компаниялар мен жеке кәсіпкерлер азаматтармен жалған еңбек қатынастарын рәсімдеп, сол арқылы әлеуметтік төлемдерді заңсыз алуға мүмкіндік жасаған. Нәтижесінде 4,4 мыңнан астам адам декреттік төлемдер мен жұмысынан айырылуына байланысты берілетін жәрдемақыларды негізсіз рәсімдеген.

Қазіргі таңда Қазақстанның 13 өңірінде аталған фактілер бойынша 38 қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде 9 қылмыстық іс бойынша сот айыптау үкімін шығарды.

Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және басқа да облыстарда заңсыз әрекетті ұйымдастырған 12 адам кінәлі деп танылды.

Соңғы жаңалықтар