• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Қыркүйек, 2023

«Астана» қаржы орталығы: 240 жаңа локомотив құрастырылады

192 рет
көрсетілді

«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Wabtec және Citigroup компанияларының жетекшілерімен өткізген кездесуінің нәтижесі туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін Нью-Иорк қаласында екі кездесу өткіздік. Біздің елімізде Wabtec  компаниясы 20 жылға жуық  жұмыс істейді. Астана қаласында  бір мыңға жуық жұмысшы күші бар. Бұл компания американдық локомотив өндіруші болып саналады. Бүгінгі жаңа келісімшарт бұл жаңа кезеңнің бастауы деуге болады. Citiban-тің   қаржыландыруы  арқылы Wabtec компаниясы  елімізде 240 жаңа локомотив құрастырмақ. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасына сай ортақ дәлізді дамытуға орасан септігін тигізбек. Бұл мәміле 900 миллион АҚШ долларын құрайды. ҚТЖ-ның 15 пайызға жуық локомитивтерін жаңалауға мүмкіндік ашып отыр», деді Р.Бектұров.