• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Жастар 19 Қыркүйек, 2023

Шарын шатқалын тазартты

210 рет
көрсетілді

«Kieli tabigat» бірыңғай республикалық экологиялық акциясына жұдырықтай жұмы­ла қатысқан Ұйғыр ауданының жастары киелі өлке Шарын шатқалына тазарту жұмыс­тарын жүргізді. Іс-шараға «Шарын» ұлттық паркінің қызметкерлері мен волонтерлер қатысты.

«Акцияның мақсаты – қоғамның көзқара­сын өзгерту, табиғатты аялау, жастарға қор­ша­ған ортаны қорғау және оны ластамау мәде­ниетін қалыптастыру», деген аудандық жас­тар ресурстық орталығының жетекшісі Жәні­бек Айқожаев көзге оғаш қоқыстың жоқ­­тығын, сондықтан жер түбінен келетін турис­тер үшін ұялмауға болатындығын атап өтті.

«Мұндай игі іс-шара кісі қарасы көп базарлар мен ойын алаңдары, қоғамдық орындарда жиі өткізіліп тұрса, әр адамның қоршаған ортаны қадірлеп, тазалық сақтауына түрткі болады», дейді орталық жетекшісі.

Республикалық акция аясында бастал­ған аумақтарды тазарту сенбілігі өңірдің барлық ауда­нында жоғары деңгейде ұйымдас­тыры­лып, өңір жастары белсенділік танытты.

Экологиялық акцияға Алматы облысы және Шарын шатқалы бойынша 3144 адам қатысты. Оның ішінде мыңға жуығы мемлекеттік қызметкер болса, 1166 волонтар мен 1130-ы – елді мекен тұрғыны. Бір күн ішінде экоакция кезінде 1039 тонна қоқыс жиналып, шығарылды.

 

Алматы облысы