• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Жануарлар 19 Қыркүйек, 2023

Киіктерге қатысты сараптамалық талқылау өтті

254 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен киіктерге қатысты сараптамалық талқылауда Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Ким киіктер популяциясын реттеу туралы өз пікірін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ОКҚ сайтына сілтеме жасап.

Спикердің пікірінше, киіктерді аулауға байланысты мәселелер жойылып кеткен инфрақұрылымды қалпына келтіруді, яғни, атап айтқанда, ет пен тері өңдеуді жолға қоюды қажет етеді. Киіктердің мүйізіне келетін болсақ, халықаралық конвенцияға сәйкес оларды коммерциялық сатуға тыйым салынғандықтан, оларды алып, Охотзоопромда сақтау керек.

«Ғалымдар көктемгі есеп бойынша киік басының 20%-на дейін, яғни 1 млн 915 мың дарақты аулауды ұсынған. Бірақ бұл көрсеткіш әлі бекітілген жоқ. Ең бастысы, табиғатқа зиян келтірмеу, ешқашан белгілі бір киік санының басын қысқартпау керек. Аулау ел экономикасына, популяцияны реттеу мақсаттарына жұмыс істеуге тиіс. Түскен қаражаттың бір бөлігі фермерлерге егіннің тапталуынан келтірілген залалды өтеуге жұмсалады», дейді А.Ким.

Сондай-ақ киіктерді қолға үйрету туралы сұраққа жауап берген А.Ким Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті бірнеше жылдан бері осы бағытта жұмыс істеп келе жатқанын растады.