• RUB:
    4.98
  • USD:
    495.95
  • EUR:
    524.37
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Қыркүйек, 2023

Орталық Азия елдері мен Оңтүстік Корея ынтымақтастығы артады

288 рет
көрсетілді

Мәжіліс депутаттары Орталық Азия елдері мен Корея Республикасы арасындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі парламент спикерлерінің I кеңесіне қатысты, деп хабарлайды  Egemen.kz төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы онжылдық Орталық Азия өңірі үшін маңызды кезеңге айналады деп санайды. Бұл ретте бізге өз экономикалық мүмкіндіктерімізді, ортақ әлеуетімізді барынша пайдалану өте маңызды», деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Кездесу барысында Орталық Азия елдері мен Корея арасындағы өңірлік ынтымақтастықтың басымдықтарына баса мәні берілді. Мәжіліс спикері өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты мәселенің бірі екеніне назар аударып, Қазақстан парламентшілері аймақтағы тұрақтылықты сақтауға бар күш-жігерін салып жатқанын айтты.

Ерлан Қошанов қазіргі уақытта Орталық Азия өңірінде экономика, саясат және мәдени байланыстар қарқынды дамып жатқанына назар аударды. Мұның бәрі Корея Республикасымен өңірлік ықпалдастықты арттыру үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Кеңес соңында Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан парламент спикерлері Орталық Азия елдері мен Корея Республикасы арасындағы байланысты нығайту  мақсатында «Болашаққа бағдарланған өзара тиімді қатынастарды дамыту» тақырыбындағы бірлескен декларацияны қабылдады.