Бас прокуратураның Арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру шараларын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тергеу қорытындысы бойынша заңды іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.
Бұл ақпаратты Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай растады.
«Самат Әбіш Қазақстанда. Оның елден кетпеу туралы қолхаты бар. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деді ол.