• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
08 Маусым, 2010

АЙМАҚТЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ ЖОЛЫНДА

443 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбеков жақында Удмурт Республикасында болды, деп хабарлады еліміздің Мәскеудегі елшілігінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында елші Удмурт Республикасының прези­денті А.Волковпен кездесіп, екі­жақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады. Тараптар ынтымақтастықтың перспек­тивалы бағыттары деп автомобиль жа­сау, авиақұрылыс, мұнай-химия, кеме жасау салаларын атап өтті. Бұл З.Тұрысбековтің Волга бойы федералдық округінің әлеуетімен жақыннан танысу мақсатымен осы аймақты аралауға бағытталған сапарының басы еді. Үстіміздегі жылдың күзінде Астанада Қазақстан мен Волга бойы федералдық округі бизнес өкілдерінің бизнес-форумы болуы да мүмкін. Кездесу барысында елші осы мәселелерді де айтып өтті. Сон­дай-ақ Қазақстан елшісі плас­тмасса зауыты, Ижевск механи­калық зауыты, “Сарапул-молоко” ААҚ, “Цветы Удмуртии” ААҚ сияқты жетекші кәсіпорындарда болды. Елші Ижевскіде конструк­тор М.Калашниковпен де кездесті. Даңқты конструктор Қазақстан жәйлі жылы пікірлер білдіріп, өзінің 2003 жылы Президент Н.Назарбаевтың қолынан І дә­режелі “Достық” орденін алғанын мақтанышпен мәлімдеді.