• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
Ауа райы 22 Қыркүйек, 2023

Батыс Қазақстанда 30 градус ыстық болады

246 рет
көрсетілді

Синоптиктер 23-25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Мамандардың айтуынша, батыста, оңтүстікте, Ақтөбе облысында және Ұлытау облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Күндіз елдің батысында ауа температурасы 25-30 градусқа дейін ыстық болса, солтүстік, оңтүстік облыстарда және республика орталығында ауа температурасы 18-23 градусқа дейін жылы болады. Ал, республиканың шығысында ауа температурасы 7-13 градусқа дейін төмендейді.

Солтүстік облыстарда, Қарағанды ​​облысында жаңбыр жауады.

Республиканың шығысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, таулы аймақтарда түнде  бұрқасынға ұласуы мүмкін.

Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең 2 градусқа дейін суық болады.

Соңғы жаңалықтар