Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен комиссия отырысы барысында балабақшаларға кезекке тұруды автоматтандыру үдерісі туралы мәселе қаралды, хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отырыста Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде әзірленген мектепке дейінгі ұйымдар үшін есепке алудың бірыңғай базасын құру мәселесі талқыланды. Оны пилоттық режимде биыл қазан айында іске қосу жоспарланып отыр, ал 2024 жылдың қаңтар айынан бастап бүкіл республика бойынша қолданылады.
Премьер-министр балабақшаға кезекке қою және кезекті жылжыту үдерісін толық цифрландыру оның ашықтығын қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.