• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 25 Қыркүйек, 2023

Алдағы үш күнде найзағай ойнап, жел соғады

229 рет
көрсетілді

Қазақстан синоптиктері 26-28 қыркүйек күндері қандай ауа райы болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Болжам бойынша, таяу күндері еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында солтүстік циклон ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Тек Қазақстанның батысында солтүстік-батыс антициклон ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз болатыны болжанып отыр.

«Түнде және таңертең республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Елдің шығысында түнде 1-3 градусқа дейін аяз сақталады. Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді», делінген хабарламада.