• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 25 Қыркүйек, 2023

Президент Ресей, Беларусь, Қырғызстанның үкімет басшыларымен кездесті

203 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей, Беларусь және Қырғызстан үкіметтерінің басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей, Беларусь және Қырғызстан үкіметтерінің басшыларына ілтипат білдіре отырып, қазақ жерінде тұңғыш рет өткізіліп жатқан халықаралық «Иннопром. Қазақстан» өнеркәсіп көрмесіне қолдау көрсеткені үшін оларға ризашылық білдірді.

«Сіздердің арнайы келгендеріңіз көрменің мәртебесін арттырғаны сөзсіз және тығыз сауда-экономикалық қатынастарымызды тағы бір рет дәлелдеді. Бүгінде аталған іс-шара тұрақты іскерлік алаңға айналып келеді. Бұл – қуанышты жайт. Көрме аясында әлеуетті серіктестер мен инвесторлар елдеріміздің индустриялық секторының жетістіктерімен жақынырақ танысады, сондай-ақ өзара тиімді жобаларды іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, өнеркәсіп, энергетика, машина жасау, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа да салаларында бірлескен кәсіпорындар мен ірі жобалар саны артып келеді.

Кездесу барысында төрт елдің өзара балйанысының нәтижесінде сыртқы сауда көлемі артып, осы жылдың алғашқы алты айында 13 пайызға жеткені айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасында сауда, инвестиция және өнеркәсіп салалары бойынша қарым-қатынас қарқыны жоғары екенін айтты.

«Ресей компаниялары Қазақстанға тұрақты түрде инвестиция салып отырған бес негізгі елдің қатарына кіреді. Бүгінде Ресеймен бірлесіп, жалпы сомасы 16,5 миллиард доллар болатын 40 ірі жобаны жүзеге асырып жатырмыз», деді Президент.

Мемлекет басшысы Беларусьпен арадағы қарым-қатынас туралы айта келе, ауыл шаруашылығы техникасын шығару және машина жасау салаларындағы тәжірибені оң бағалады. Бұл бағыттағы жобалардың жалпы құны – шамамен 180 миллион доллар.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті Қырғыз Республикасымен арадағы байланыстарымыздың тұрақты дамып келе жатқанына, өзара сауда-саттық қарқыны жоғары екеніне назар аударды.

«Жеті айда екі ел арасындағы сауда-саттық көлемі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 13 пайызға өсті. Қазақ-қырғыз шекарасында Индустриялық сауда-логистикалық кешен салудың келешегі зор», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.