• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Мектеп 26 Қыркүйек, 2023

Ғани Бейсембаев ел мектептерін тексеруден өткізуді тапсырды

237 рет
көрсетілді

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстан мектептерінде қауіпсіздік шараларын күшейту қажет екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Жақында Астана қаласындағы №14 мектепте болған оқиға бәрімізді алаңдатты. Мектепте сапал білім берумен қатар, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды. Елдегі барлық мектепте қауіпсіздікті бақылау деңгейін күшейту керек», деді Ғани Бейсембаев.

Осы тұста ведомство басшысы өңірлердегі білім басқармаларының жауапты қызметкерлеріне қауіпсіздік шараларын орындау барысын тексеруді жүктеді.

Еске сала кетсек, 18 қыркүйекте Астана қаласындағы №14 мектепте оқушы баспалдақтан құлап, ауруханаға жеткізілді.