Қарағандыдағы жылу электр орталығында ірі апат болып, тұрғындар жарықсыз қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, үшінші ЖЭО-да техникалық ақау салдарынан 220 кВ сыртқы тарату құрылғысы сөндірілді.
«Апаттың мән-жайы мен электр қуатынсыз қалған абоненттер саны анықталып жатыр», деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.