• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Қазан, 2023

Азиада–2023: Бүгін Қазақстанның төрт боксшысы рингке шығады

3220 рет
көрсетілді

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасынан төрт боксшы бүгін рингке шығады. Бұл туралы Sport. kz сайтынан мәлім болды, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Күндізгі сессияда Қазақстанның екі спортшысы және кешкі сессияда екі спортшысы шаршы алаңға шығады.

Астана уақытымен сағат 13:15-те Наталья Богданова шаршы алаңға шығады. 66 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын спортшымыз ширек финалда моңғолиялық Цэцэгдари Мягмарсурэнмен кездеседі.

Сағат 14:45-те жартылай финалдық жекпе-жек өткізетін 92 келіге дейінгі салмақтағы Сағындық Тоғамбай қытайлық Хань Сюэчжэньмен жұдырықтасады. Аталған жекпе-жектердің тікелей трансляциясын бокс жанкүйерлері Qazaqstan телеарнасынан тамашалай алады.

Сағат 17:15-те 57 келіге дейінгі салмақта Карина Ибрагимова моңғолиялық Намуун Монхормен ширек финалдық жекпе-жек өткізеді.

Сағат 19:00-де 63,5 келіге дейінгі салмақтағы ширек финалда Ертуған Зейнуллинов Моңғолияның тағы бір өкілі Чинзориг Баатарсухиинмен қолғап түйістіреді. Аталған жекпе-жектерді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.