Қытай шаһары Ханчжоудағы Азия ойындарында Қазақстан спортшысы Карина Ибрагимова Париж олимпиадасына бокстан алғашқы жолдаманы жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем чемпионатының 3 дүркін жүлдегері 27 жастағы Карина Ибрагимова 57 келі салмақ бойынша 1/4 финалда Моңғолия спортшысы Намуун Монхорды 5-0 есеп көрсеткішімен ұтып, Париж олимпиадасына лизенция алды.
Еске салсақ, отандасымыз биыл әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған.