• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Әйел әлемі 02 Қазан, 2023

Жолсерік әнші қыз

700 рет
көрсетілді

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Астана – Шымкент бағытында жолсерік болып еңбек ететін Ақылзат Сейітжапардың ән шырқаған бейнесін әлеуметтік желіге жүктеп, талантына ықыласын танытты. «Қандай керемет айтады әнді. Мынау жолсерік әнші қыздың орны вагон емес, сахна ғой» дейді белгілі қайраткер.

Ақылзатты бұл күнде ортасы жолсерік деп қана  емес, әнші, әнші болғанда да «опера әншісі» деп таниды. Ол Жамбыл облысы, Құлан ауданы,  Көгершін ауылында дүниеге келген. Әншілік атасы Сейітжапар мен әкесі Есімханнан дарыпты. «Әкем жылқы бағып жүріп дала төсін әнге бөлейтін. Бала күнім­нен жанынан бір елі тастамай ­ауыл ішіндегі той-томалақта бір­ге ән шырқайтынбыз» дей­ді жол­серік өнерпаз.  Жеткін­шек шағынан опера әншілерінің туындыларын шырқап өскен Ақылзаттың ән салған даусын ауылдастары радио қосылып тұр ма деп ойлайды екен.  Ән­шілікті кәсіби меңгеріп, өнер жолын таңдағысы келген. Бірақ мектепте оқып жүр­генде Алматы қала­сы­на ән байқауына қатысуға  қа­ра­жат қолбайлау болып, өнер­ден бағытын аулақ  бұру­ға  ше­шім қабылдапты. Та­лант­ты қыздың тағдыры осы­лай темір­жол саласымен қа­бысып кете барады.

Әлеуметтік желі жұлдызын жаққан жолсерік әншіні бұл күнде көпшілік көрген жерде қолқалап ән сұрайды. Тіпті  тойға шақыратындар да бар екен. Бірақ ол өнерді табыс көзіне айналдырған емес.  Өнер қашанда өзінің биігінен аласармайды. Таланттар тү­бінде танылады. Әнші қара орман тыңдаушының  көңілін бұл күнде теміржолдың үстінде тербетіп келеді.   Кәсіби игерген мамандығы  теміржол сала­сына телулі  таланттың ор­ны расында да сахна болуға тиіс еді. Өйткені мұндай өнер екінің біріне қона бермейді.  Жолыңыз түсіп, сіз  отырған вагонда Ақылзат Сейітжапар қызмет атқарса, мерейіңіз­дің тасығаны. Діттеген жері­ңіз­ге дейін әнімен тербетіп жеткізеді.

Жолсерік әнші жайын­да­ғы бейнежазбаны төмендегі QR-код арқылы көруге болады.