Мемлекет басшысының өкімімен Ғабит Амангелдіұлы Садырбеков Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ғабит Амангелдіұлы бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.
2022 жылдың 8 қаңтарында Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.