Жергілікті полицейлер бұл екі азаматты былтыр 9 қап марихуанамен ұстаған болатын. Самара – Шымкент тасжолының Қармақшы ауданындағы Елшібай бекеті тұсында күндізгі жарық шамдарын жақпаған Toyota Camry 40 автокөлігін тоқтатып тексереді. Тексеру кезінде көліктің ішінен салмағы 42 келі 682 грамм мөлшерінде есірткі тапқан еді.
Арал ауданына мал сатып алуға жол тартқан қызылордалық екі азамат қамалып, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілген. Оның нәтижесі бойынша қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Қармақшы аудандық соты үкімімен есірткіні қаптап тасыған екі азамат та 3 жылға бас бостандығынан айырылды.