Жыл басынан бері өсім көрсеткіші 178 мың адам болған. 1 қыркүйектегі есеп бойынша елдегі халық саны – 19 944 726, деп жазады Egemen.kz.
Халық саны қаңтар-шілде айлары аралығында елордада – 2,7%-ға, Алматыда – 1,66%-ға, Маңғыстау облысында – 1,51%-ға, Шымкентте – 1,35%-ға көбейген.
12,4 миллион адам қала тұрғыны болса, ауылда 7,5 миллион адам тұрады.