Қазақстан Азия ойындарында бейсенбі күні 3 алтын медаль жеңіп алып, медальдар кестесінде алға жылжыды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спортшыларымыз 5 қазанда жалпы 10 жүлде жеңіп алған болатын: 3 алтын, 4 күміс, 3 қола.
Нәтижесінде медальдар кестесінде 13-орыннан 11-інші орынға көтерілген Қазақстан қоржынында 8 алтын, 15 күміс, 38 қола, барлығы 61 жүлде бар.