Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында джиу-джитсудан Галина Дуванова финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Джиу-джитсудан 57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Галина Дуванова жартылай финалда Таиланд спортшысын жеңді.
Кеше джиу-джитсу күресінен спортшыларымыз Ханчжоу төрінде үш медаль олжалады. Мансұр Хабибулла (62 келі) мен Алдияр Серік (69 келі) қола медаль алса, 69 келіде Нұржан Батырбек жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды.