Елімізде жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың бірінші өңірлік кезеңі аяқталды. Ал, екінші іріктеу кезеңі 20 қазанда өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқу - ағарту министрлігінің мәліметінше олимпиадаға жалпы білім беретін мектептерден, лицейлерден, гимназиялардан және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден қатысқан 11(12) сынып оқушыларының жалпы саны – 2933 оқушы, оның ішінде 1039-ы ауыл мектептерінен келген.
Олимпиаданың әрбір қатысушысы атап айтқанда төрт пән бойынша (математика, физика, химия, биология) тапсырмаларды орындаған.