Президенттің арнайы тапсырмасымен Қазақстан ТЖМ құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Ауғанстанға жіберілді, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін құрылған 45 адам: республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, кинологтар, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері – фельдшерлер. Бұлар құтқару операциялары бойынша көпжылғы тәжірибелі мамандар, олардың бірқатары биыл Түркияда болған жер сілкінісі салдарын жоюға қатысқан.
Қажетті керек-жарақтармен жабдықталған топты ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ұларбек Әбікеев басқарады.