«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобы мұнай және газ өндіру кезінде техника, технология, материалдар мен жабдықтардың жаңа түрлерінің тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарын (ТӨС) ұйымдастыру, жүргізу және есепке алу ережелерін бекітті.
Бекітілген осы қағидалардың жаңа редакциясы әлеуетті өнім берушілерден, ұйымдардан өтінімдер берудің және ҚМГ мұнай-газ өндіру активтерінде тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүргізудің бірыңғай тәртібін белгілеп отырады. Құжат жаңа техника, технологиялар, материалдар мен жабдықтар бойынша ТӨС-ті ұйымдастыруды, жүргізуді және мониторингтеуді, стендтік және зертханалық сынақтарды, ТӨС нәтижелерін жан-жақты талдауды, сондай-ақ жаңа техника мен технологияларды өнеркәсіптік енгізіп тираждау жөніндегі одан кейінгі шешімді ретке келтіру үшін әзірленген.
«ҚазМұнайГаз» АҚ-да бизнес-үдерістерді цифрландыру аясында ТӨС-тің жаңа Ережелеріне сәйкес әлеуетті жеткізуші, ҚМГ ЕТҰ, ҚМГ және ҚМГИ арасындағы өзара әрекеттерді жақсарту үшін «ТӨС орталығы» интернет-порталы іске қосылды. Ол цифрлық форматта бір терезе принципі бойынша жұмыс істейді. Онда «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС «ҚазМұнайГаз» АҚ ғылыми-техникалық қолдаудың мамандандырылған орталығы болып табылатын негізгі рөлге ие.
Атап айтқанда, ҚМГИ өндірушілерден немесе жаңа техника, технологиялар, материалдар, жабдықтар мен химиялық реагенттер өкілдерінен келіп түскен өтініштерді қарайды. Сөйтіп, ҚМГ ЕТҰ кен орындарында жаңа техника мен технологиялардың қолданылуын талдап, ТӨС сүйемелдеуді және жүргізілген ТӨС нәтижелерін растау бойынша жұмыс жүргізеді.
«ТӨС жүргізу Ережелерінің» регламенттелген тәртібінің блок-схемасы «ТӨС орталығы» интернет-порталының жұмыс алгоритмімен толық синхрондалған. Осылайша, ҚМГ Инжиниринг ҚМГ-да бизнесті корпоративтік жүргізуді трансформациялау стратегиясын іске асыруға белсенді түрде қатысады. Одан әрі ҚМГ және ЕТҰ арасындағы өзара әрекеттесу бизнес-үдерістерін оңтайландыруға және үйлестіруге елеулі үлес қосады.