• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 12 Қазан, 2023

Жәнібек Әлімханұлы – Винченцо Гуальтери жекпе-жегінің тікелей көрсетілімі

3229 рет
көрсетілді

Кәсіпқой бокста WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы деген атаққа ие Жәнібек Әлімханұлы кезекті айқасын 14 қазан күні АҚШ-тың  Розенберг қаласында өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Германия боксшысы Винченцо Гуальтериге қарсы жекпе-жекті Qazsport  телеарнасы тікелей эфирден 15 қазан күні таңғы сағат 07:00-ден бастап көрсетеді. «Қазақстан»  телерадиокорпорациясы айқасты ел аумағында көрсетудің құқық иесі атанды. Жәнібектің чемпиондық белбеуін қорғайтын жекпе-жегін «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы мен qazsporttv.kz сайтынан да тамашалауға болады.