• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Марапат 12 Қазан, 2023

Қорғаныс ведомствосы Азиада жеңімпаздарын ұлықтады

185 рет
көрсетілді

ХІХ жазғы Азия ойындары додасында топ жарған армия спортшыларының қатысуымен өткен салтанатты шарада Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов спортшыларды құттықтап, ел жетістігіне қосқан көрнекті үлестері үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азиада додасы бойынша Қазақстан Қарулы Күштерінің 11 өкілі – екі алтын, екі күміс, 7 қола олжалаған.

Ведомство мәліметі бойынша 11 спортшыны атап айтсақ, Орталық спорт клубының әскери қызметшісі Әсем Орынбай стендтік ату жарысында «алтын», командалық МІХ жаттығуында – «алтын» және жекелей жарыста «қола» еншіледі.

Әскер спортшылары арасынан  – грек-рим күресінен Әлімхан Сыздықов пен  әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова күміс жүлделерге қол жеткізген еді.

Пневматикалық мылтықтан атудан Ислам Сәтбаев, таэквондодан Жансель Дениз, ушу-саньдадан Аян Тұрсын, дзюдодан Абылайхан Жұбаназар, грек-рим күресінен Мейіржан Шермаханбет және байдарка және каноэ есу жарыстарында Кирилл Тубаев қола медальдармен еншілеген еді.

Азиаданың чемпиондары мен жүлдегерлері Қорғаныс министрі атынан грамоталармен, алғыс хаттармен, естелік сыйлықтармен марапатталды. Спортта жоғары жетістіктері үшін армия спортшысы Әсем Орынбайға «Ел қорғаны» ведомстволық медалі табысталды.