Синоптиктер 15 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, еліміздің бірнеше облысында дауыл болатыны туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазақстан Республикасының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын жауып, республиканың шығысында қар аралас жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ түнде және таңертең республиканың барлық аумағында тұман түседі», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен Орал қаласында тұман күтіледі.
Түркістан облысының таулы аймақтарында 1 градус аяз сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Облыста желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел 15-20 м/с.
Қостанай облысының оңтүстігі мен батысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде және Петропавл қаласында желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Астанада желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және Қарағандыда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түнде солтүстікте, күндіз оңтүстікте, Павлодар облысының батысында және Павлодарда жел күтіледі, екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында және Ақтөбе қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.