• RUB:
    4.94
  • USD:
    495.2
  • EUR:
    522.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Қазан, 2023

Есірткі таратушыдан өндірушіге дейін «өрлеген» күдікті ұсталды

218 рет
көрсетілді

Ақмола облысының 21 жастағы тұрғыны есірткі зертханасын ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақмола облысының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора – 2023» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында арнайы операция жүргізу барысында Бурабай ауданының аумағында синтетикалық есірткі дайындау бойынша есірткі зертханасын анықтап, жойды. Жедел уәкілдер зертхананы аудан орталығына іргелес ауылдардың бірінде үй сатып алып, өз өндірісін жасаған 21 жастағы жергілікті тұрғын ұйымдастырғанын анықтады. Есірткі зертханасының орны бойынша рұқсат етілмеген тінту іс-шаралары барысында есірткі құралдарын, 430 литр прекурсорды дайындауға арналған жабдық, сондай-ақ салмағы 755,88 грамм a-PVP психотроптық зат тәркіленді, олар аудан аумағындағы жасырын орындардан алынды», деп жазылған хабарламада.

Күдікті үйлі-баранды, бір баласы бар. Әйелі күйеуінің жасырын зертханада есірткі өндірумен шұғылданатынын білмейтін болып шықты. Бұрын есірткі заттарын жеткізіп беріп, тиісті орындарға қойып кету қызметін атқарып, бертін келе «кәсібі жоғарылап» өндірумен шұғылданған. Оның үстінен ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізіліп жатыр, күдікті  уақытша ұстау изоляторына қамалды.