• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Қазан, 2023

Томирис тұрпатты арулар сән апталығының көрігін қыздырды

302 рет
көрсетілді

Ақтауда қазіргі заманға сай интерпретацияланған этникалық «Bozjyra Fashion Week» сән көрсетілімінің II маусымы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Қоғамдық коммуникация орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сән көрсетілімінде сақ-массагеттердің аты аңызға айналған патшайымы, салқар сахара жауынгер қызы Томиристің образы ұлықталды.

- «Bozjyra Fashion Week» көрсетілімі арқылы тарихта өшпес із қалдырған түркі әлемінің нағыз батырлары туралы айтқымыз келеді. Бұл батырлар бүкіл халықты достықпен, бостандық рухымен, бір-біріне және түркі мұрасына махаббатпен біріктіре білген амазонкалар, - деді ұйымдастырушы Лурена Доскеева.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Bozjyra Fashion Week» сән апталығының тағы бір негізгі мақсаты - өз ісін жаңадан бастап жатқан талантты дизайнерлерге қолдау көрсету.

«Ақтау қаласында мұндай апталық ауқымды масштабта алғаш рет өтті. Бұл болашақта әлемдегі этникалық сәнге әсер ететін тұтас қауымдастық құра алатын түркі әлемінің брендтері мен дизайнерлерінің бірегей коллаборациясын құрудың тамаша мүмкіндігі. Біз күш біріктіретін шығармашылық брендтер үшін керемет креативті құруға мүдделіміз», дейді PR-маман Жәмилә Хангельдина.

Сонымен қатар отандық зергерлік бұйымдар бренді Dimash Silver еркіндік пен көркемдік идеясынан шабыт алған жаңа «Dimash Dubai Diamond» премиум топтамасын алғаш рет көрсетті.