• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Мәдениет 16 Қазан, 2023

Дала салтанаты

264 рет
көрсетілді

Астанадағы Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік акаде­миялық филармонияның Халық ән бөлімі тыңдарманға «Дала дәстүрі» атты әуезді ән әуелеп, күй күмбірлеген керемет өнер кешін ұсынды.

Ән – халықтың қазынасы. Қазақ­тың дәстүрлі өнері кешегі мен бүгін­ді жалғаған алтын көпір секілді. Халқы­мыздың болмысын, жеріміздің кең­дігін, даланың дархандығын көргі­ңіз келсе – дәстүрлі ән тыңдап, күм­бірлеген күйге құлақ түріңіз.

Аталған концертке дәстүрлі ән мек­­тептерінің барлық өкілі қатысты. Арқа мен Жетісудың, Сыр мен Батыс­тың, Алтай мен Тарбағатайдың біре­се кең құлашты, біресе сырлы, наз­ды әндері мен домбыраның шана­ғын­­да күмбірлеген күйлері салтанат құр­ды. Хакім Абай атамыздың «Сегіз­­аяқ» әні көкке шарықтады.

Әсі­ресе Қазақстанның еңбек сіңірген қай­рат­­кер­лері, белгілі дәстүрлі әншілер Айгүл Қосанова, Гүлмира Сарина, Гү­л­зира Бөкейхан, өнер майталмандары Секен Сыздықов, Нұрай Танабаев, Бе­рік Омаров, Тельман Нүркенов, Да­нияр Мұқан, Әйгерім Нартүйе, Ара­фат Ысқақов, Бейбіт Мұсаев, ха­лық­­аралық және республикалық бай­қау­лардың жеңімпаздары Сәуле­жан Тағ­зия, Өзгеріс Шерікбай, Айнұр Қоныс­баева, Жақсыкелді Маясаров, Жан­дос Иманбай, Зинат Қасымова, Нұр­жан Мейірхан, Рахат Бекасылов, Алуа Қалымбекова, Айдос Оңғарбай сал­ған әндер мен орындаған күйлер ты­ңдар­ман құлағының құрышын қан­дыр­ды. Сондай-ақ «Сарыарқа» халық му­зы­калық ансамблі мен «Шалқыма» ха­лық би ансамблі де өнер көрсетіп, жұртшылық ықыласына бөленді.