«Decision Dividida» промоутерлік компаниясының матчмейкері Кике Родригес қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) мен доминикандық Карлос Адамес (23-1, 18 КО) арасындағы жекпе-жекті тамашалау қызық болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Айта кетейік, 15 қазан күні WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы титулдар үшін жекпе-жекте Жәнібек Әлімханұлы германиялық қарсыласы Винченцо Гуальтиериді (21-1-1, 7 КО) мерзімінен бұрын жеңген еді.
Тартысты дода Розенбергте (АҚШ) өтті. Жекпе-жек алтыншы раундта техникалық нокаутпен аяқталды.
«Спорттық тұрғыдан алғанда Әлімханұлы мен Адаместің жекпе-жегін ұйымдастырса тамаша болар еді. Бірақ мен оларға төбелесу қаншалықты ыңғайлы екенін білмеймін», деді Родригес.
Айта кетейік, WBC чемпиондық белбеу Адаместің «уақытша» иелігінде.