• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Спорт 17 Қазан, 2023

Финляндия - Қазақстан матчын Qazsport арнасы тікелей эфирден көрсетеді

254 рет
көрсетілді

Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы  Еуропа чемпионатына іріктеу туры аясындағы кезекті матчты өткізеді. Маңызды тартысты Qazsport телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сырт алаңда  Финляндия құрамасына қарсы алаңға шығатын футболшылар үшін бүгінгі тартыста жеңіске жету аса маңызды.  Ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев фин футболшыларына қарсы ойында аянбау қажеттігін айтты. - Бізге  зор сенім артылып, орасан жауапкершілік жүктеліп отыр. Жігіттер барын салады деп сенемін, - деді М.Адиев. Финляндия - Қазақстан матчын  бүгін түнгі 21:50-ден бастап   Qazsport телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.