• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қазан, 2023

Қостанай облысында жаңа ауылдық округ құрылады

317 рет
көрсетілді

Жуырда 25 елді мекені таратылған Қостанай облысында жаңа ауылдық округ құрылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әкімдік қаулысы мен мәслихаттың бірлескен шешім жобасы Ашық НҚА порталында жария етілген.

«Степное ауылын округ орталығы деп белгілеп, құрамында Жітіқара ауданының Степной және Аққарға ауылдары бар Жітіқара ауданының Степной ауылдық округі құрылсын», делінген құжатта.

Аталған бірлескен қаулы мен шешім ресми жарияланғаннан бастап 10 күн өткен соң күшіне енеді.