• RUB:
    5.12
  • USD:
    452.92
  • EUR:
    484.99
Басты сайтқа өту
Еңбек 18 Қазан, 2023

Жылжымалы ғимараттар

158 рет
көрсетілді

Биыл жыл соңына дейін те­мір­жол­шы­лар­дың демалуына арналған 100-ден астам жылжымалы ғи­ма­рат орнатылады. Олар тұр­мыс­қа қа­жет бар­лық жаб­дықпен жа­сақ­тал­ған.

«Қазақстан темір жолы» қа­уіп­сіз еңбек жағдайларын қам­тамасыз ету мақсатымен жұ­мысы жолмен байланысты желілік кә­сіп­орындардың темір­жол­шы­ла­рының уақытша тұруы мен де­малуына жылжымалы ғима­раттар орнатып жатыр. Бұл жол­шы­лардың игілігі үшін жасалып жатыр.

Бүгінгі таңда магистралдық желінің Ақмола, Қостанай, Семей, Ақтөбе, Атырау бөлім­шелерінің жол шаруашылығы кә­сіп­орын­­да­рында 29 модульдік ғимарат орна­тылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін ҚТЖ желісінде – 102, 2024 жылы 113 жылжымалы ғи­марат пайдалануға берілмекші.

Магистралдық желі дирекциясы кәсіп­орындарының қажет­ті­лі­гі­не қарай сыйым­ды­лығы 8-ден 10 адамға дейінгі модульдер орнатылуда.

Жылжымалы ғимараттарды мон­таждау қысқа мерзімде жүзеге асы­рылады. Орнату­дың қара­па­йым­дылығына қарамастан, барлық қажетті инженерлік коммуникация мо­бильді ғимаратқа қо­сылады. Сонымен қа­тар олар жи­һазбен, тұрмыстық техникамен, душ кабиналарымен және қиын климаттық жағдайларда да теміржолшылардың жайлы тұруы үшін қажет басқа да заттармен жабдықталған.