• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Экономика 20 Қазан, 2023

Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға – 26,5 млрд теңге

183 рет
көрсетілді

Биыл Шығыс Қазақстан облысында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 26,5 млрд теңге бөлінді. Жыл басынан бері оның 22,7 млрд теңгесі игерілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шығыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рамиль Сағандықов мәлімдеді.

– Биыл 52 675,1 млн теңгеге 17 жоба жоспарланған болатын. Жыл басынан бері 32 910,1 млн теңгенің 10 жобасы іске асырылды, – деді Р.Сағандықов.

Сонымен қатар осы күнге дейін дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 86%-ы жиналды, 334,05 мың тоннасы бастырылды. Майлы дақылдарды жинау жұмыстары басталып, бүгінгі таңда 54,74 мың гектардан 116,03 мың тонна тұқым алынды.

– Егін жинау жұмыстарын дер кезінде әрі тоқтаусыз жүргізу үшін облыс шаруаларына мемлекет тарапынан 8,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Бүгінгі таңда бұл көлем толығымен игерілді. Жуырда Энер­гетика және Ауыл шаруа­шы­лығы министрліктеріне егін жинау жұмыстарын жалғастыру үшін тағы 10 мың тонна көле­мінде жеңілдетілген дизель отынына қажеттілік жөнінде хаттар жолданды. Дәнді және майлы дақылдарды кептіру үшін об­лыс­қа 7 мың тонна дизель отыны бөлінді, – деп атап өтті спикер.

Облыста 18,8 мың басқа ар­на­лған 34 бордақылау алаңы жұмыс істейді. Оның ішінде өнеркәсіптік үлгідегі 8 алаң – 1000 бастан, қалған 26 алаңның қуаттылығы – 90-нан 600 басқа дейін. Ағымдағы жылдың 8 айы­ның қорытындысы бойынша жүктеме 24%-ды құрап отыр.

– Өңірде 37 тауарлы сүт фермасы және 23 сүт қабылдау пункті жұмыс істейді. Жыл басынан бері тауарлы сүт фермаларында 51 мың тонна сүт өндірілді. Тұрғындардан 11,8 мың тонна сүт сатып алынды. Сүт өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 42%-ды құрады, – деп толықтырды Рамиль Сағандықов.

Баспасөз мәслихатының со­ңында ШҚО АШ басқармасы басшысының м.а. Рамиль Саған­ды­қов инфляцияны болдырмау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға­сын тұрақтандыру мақса­тында 2023-2024 жылдары «айналым схе­масы» тетігі шеңберінде облыс бюджетінен 4,2 млрд теңге бөлінгенін айтты.