• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Тағайындау 21 Қазан, 2023

Бас прокурордың орынбасары мен комитет төрағасы тағайындалды

336 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының өкімдерімен  Ғалымжан Мәмбетұлы Қойгелдиев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына, Нұрдәулет Мықтыбекұлы Сүйіндіков Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғалымжан Қойгелдиев бұған дейін Бас прокурордың Аппарат басшысы  лауазымын атқарса,  Нұрдәулет Сүйіндіков осы жылдың қаңтар айында Бас прокурордың бұйрығымен  Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы лауазымына тағайындалған болатын.

Соңғы жаңалықтар