• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Қазан, 2023

Бэлла Самашева Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындарында күміс медаль иеленді

258 рет
көрсетілді

Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасы Ар-Риядта басталған  Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында жерлесіміз Бэлла Самашева күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz  Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бэлла финалға дейінгі қарсыластарының барлығын да айқын ұтқан, бірақ алтын медаль үшін айқаста алжирлік спортшыдан аса алмады.

Кумите бағдарламасында 55 кг дейінгі салмақта жекпе-жекке түскен Б. Самашева Алжир спортшысынан былтыр да жеңілген еді.

«Дайындық та сәтті өтіп, бабыма да енген едім, бірақ алтын медаль бұйырмады. Алжир спортшысы өткен жылғы әлем чемпионатында  жеңген, бұл жолы есемді қайтаруға барымды салдым, өзімде жеңемін  деген сенім аз болғаны ма, ашылып айқаса алмадым» , деді спортшы.