• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Сайлау 23 Қазан, 2023

Сайлау: дайындық және өткізу тәртібі

259 рет
көрсетілді

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров қанатқақты аудандар әкімдерінің сайлауына дайындық және оны өткізу барысын тексеру мақсатында жұмыс сапарымен Түркістан және Жамбыл облыстарына барды. Сапарға ОСК хатшысы Мұхтар Ерман, сондай-ақ Ортсайлауком аппаратының жауапты қызметкерлері қатысты.

Түркістан облысына сапары аясында Нұрлан Әбдіров әкімдер сайлауы өтетін төрт өңір – Бәйдібек, Мақтаарал, Созақ, Шардара аудандарына барды.

Сапар барысында ОСК басшысы Х.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тү­рік университетінің студенттерімен кез­десіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың саяси жүйедегі конституциялық рефор­малары туралы жан-жақты айтып берді. Кездесуде аралас сайлау жүйе­сіне көшу және азаматтардың бір мандат­ты сайлау округтері бойынша өкілді ор­гандарға сайлану мүмкіндігі, саяси пар­тиялардың Парламент Мәжілісіне өту ше­гін төмендету, Парламент Мәжілісіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасын жою, өткен және алдағы сайлау науқандары, сайлау комиссиялары мүшелерін оқыту туралы сөз болды.

Кездесуде 139 қатысушы онлайн сауал­намаға қатысты. Нәтижесінде, рес­пон­денттердің 40,3 пайызы қашықтан элек­трондық дауыс беруді енгізуді қол­дай­тынын жеткізсе, 80 пайызға жуығы ел Пре­зиденттігіне кандидаттың мемлекет­тік тілді міндетті түрде білуі және лингвис­ти­ка­­лық емтихан тапсыруы туралы талап­ты қолдап, дауыс берген. Сауалдамаға қа­ты­сушылардың дені (61,2%) соттылығы бар азамат әртүрлі деңгейдегі сайланбалы­ лауазымдарға ұсыныла алмайды деп санайды. Түркістан және Жамбыл облыстарының алты ауданында жастарымен өткен барлық кездесудің 392 қаты­су­шысы осындай онлайн сауалнамаға қа­тысты. Сауалдама нәтижелері Түркістан қа­ласының студент­терінің жауаптарымен ұқсас болды.

Студент Дүйсенбек Бейбарыс өткен сайлаудаға бұзушылықтар туралы жалған бей­нероликтер, «Face ID» енгізу және элек­трондық дауыс беру кезінде бірнеше рет дауыс беруге жол бермеу мәселелеріне қызығушылық танытты.

Созақ ауданының ауыл жастарымен­ кездесуде Н.Әбдіров ауылдық және аудан­дық деңгейдегі әкімдерді сайлау, саяси реформалар, оның ішінде саяси партия­ларды тіркеу рәсімін оңайлату тура­лы сөз қозғады. «Сайлау жүйесіндегі мұндай өзгерістер үміткерлер арасындағы сайлау бәсекелестігін күшейтті, да­уыс берудің баламалы нысандарын, сайлан­балы лауазымдарға кандидаттарға қойы­латын талаптар күшейтілді», деп атап өтті Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Осы талаптарды талқылай отырып, жергілікті тұрғын Сержан Бекманұлы президенттікке кандидат мемлекеттік тілді білуге міндетті екенін айтты.

Кейін ОСК төрағасы жуырда сайланған Созақ ауданы Жар­тытөбе ауылдық округінің тұр­ғындарымен және әкімімен кездесті. Жар­тытөбе ауылының әкімі – Түркістан облысындағы ең жас ауыл басшыларының бірі. Жергілікті тұрғындар оның қызметі туралы оң пікір білдірді. Мәселен, зейнеткер Мұрат Алтынбекұлы әкімдерді сайлау жергілікті кадрларды іріктеу мен ілгерілетудің тиімді жолы деп санайды, ал ауыл тұрғыны Садық Әбдірашұлы «бұл әкімнің қызметін бақылау тетігі» деп толықтырды.

Бәйдібек ауданында Нұрлан Әбдіров Жамбыл ауылының тұрғындарымен және олар сайлаған әкіммен, сондай-ақ Шаян ауылының жастарымен кездесуде сайлау жүйесіндегі маңызды конституциялық реформалар, аудан әкімінің алдағы сайлауы, ауыл әкімдерін сайлаудың жинақталған тәжірибесі және олардың қызметін бағалау туралы егжей-тегжей айтып берді. Жамбыл ауылының тұрғыны Әмір Айдарұлы ауыл әкімін сайлау тәжірибесімен бөлісті. Оның пікірінше, әкім таңдаудың негізгі кри­терийі үміткерлердің сайлауалды бағ­дарламалары болуы қажет, сондай-ақ аудан әкімінің сайлауында да халық кандидаттардың бағдарламалары негізінде дауыс береді. Өз кезегінде еңбек ардагері Сейділда Тұрлыбеков әкімдерді тікелей сайлау мемлекеттік қызметте тиімді басқарушыларды іріктеу және ілгерілету үшін әлеуметтік лифтке айналғанын айтып, басқа өңірдегі аудан әкімінің орынбасары лауазымына конкурстан өткен өз ауылының әкімін мысалға келтірді.

Химия пәнінің жас мұғалімі Закария Измахан сайлауды байқау үшін қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу институтын енгі­­зу­ді қолдап, байқаушылардың кәсіби дең­­гейін көтеру құралы ретінде оның мер­зім­дерін нақтылады.

Шымкент қаласында ОСК төрағасы қалалық және аудандық сайлау комиссия­ларының сайлау кезеңіндегі қызметі, олар­дың материалдық-техника­лық жаб­дық­­­талу жағдайымен танысты.

Түркістан облысының Мақтаарал және Шардара аудандарын аралау барысында комиссия басшысы дәстүрлі түрде жас­тармен және тұрғындармен, сондай-ақ Мырзакент кентінің әкімімен кездесті. Кездесулер барысында ол ауылдық және аудандық деңгейдегі әкімдер сайла­уын өткізу ерекшеліктеріне, халықтың сұранысы негізінде конституциялық өзгерістерге, аралас сайлау жүйесіне, ағымдағы сайлау науқандарына, шетелде электрондық дауыс беруге және сайлау жүйесінің басқа да мәселелеріне тоқталды.

Мырзакент кентінің тұрғыны, еңбек ардагері Нұрғали Тұрашев тұрғындардың президенттік саяси реформаларды, атап айтқанда, ауылдар мен аудандар әкімдерінің сайлауын енгізуді қолдайтынын айтып, бір мандатты округтер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының санын көбейтуді ұсынды. Мырзакент кентінің тұрғындары Шадияр Байтен мен Қалибибі Андирова өздері сайлаған кент әкімінің жұмысына оң баға беріп, аудан әкімінің сайлауы демократиялық реформалардың жалғасы деп санайды. Мақтаарал аудандық мәслихатының жас депутаты Сүндет Кенжебаев партиялық тізімдерге жастар квотасын енгізу бо­йынша президенттік реформалардың арқасында жас азаматтардың депутат болу мүмкіндігі туралы айтып, әкімге кандидаттардың іске асырылмайтын сайлау алдындағы уәделерін бермеуге тиіс деген пікірін білдірді. Колледж студенті Гүлнұр Аңдақұлова аудан әкіміне кандидаттарды үгіттеудің стандартты емес нысандарымен, оның ішінде жас сайлаушылармен жанды және бейресми қарым-қатынасы туралы бөлісті.

Жамбыл облысына қарасты Жуалы және Т.Рысқұлов атындағы ауданда да әкімдер сайланады. Өңірге сапары барысында ОСК төрағасы Жуалы ауданының жастары, тұрғындары және Нұрлыкент ауылының әкімімен, ал Т.Рысқұлов атын­дағы ауданда ауыл жастарымен кездесті. Кездесулер кезінде Н.Әбдіров конс­ти­туциялық өзгерістердің мәнін, дауыс берудің баламалы нысандарын қолданудың ха­лықаралық тәжірибесін, пропорцио­налды жүйемен қатар мажоритарлық жүйені қолдану, сондай-ақ аудандық дең­гей­дегі әкімдердің сайлауын алғаш рет өткізетіндігі жайлы баяндады.

Жуалы ауданының жастарымен кез­десуде қоғамдық ұйымның өкілі Асқар Қадырқұлұлы дауыс берудің элек­трон­дық жүйесін пайдалану кезінде бай­қаушылардың рөліне және мемлекет тарапынан байқаушыларды қолдауға қызы­ғушылық танытты. Нұрлыкент ауы­лы­­ның тұрғындары өздері сайлаған әкім­нің бастамаларын қолдайды. Мәсе­лен, Батырхан Наурызбаев ауыл әкімі­нің ауыл көшелерінің тазалығы мен жарық­тандырылуы бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы оң пікір білдірді.

Сапар барысында ОСК төрағасы Түркістан және Жамбыл облыстарының бірқатар сайлау учаскесінің жұмысымен танысты. Сайлау учаскелеріне барған кезде ол мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету қажеттілігін және бақылаушылардың жұмыс істеуі үшін жағдайды қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті.

Сапар аясында Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Түркістан облысының барлық төрт ауданында және Жамбыл облысының екі ауданында әкім сайла­уын қанатқақты режімде өткізу мәселелері бойынша кеңестер өтті. Аумақтық сайлау комиссиялары, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары атқарылып жатқан жұмыс пен сайлауға дайындық туралы баяндады. ОСК төрағасы кеңестерге қатысқан лауазымды тұлғалардың назарын сайлау заңнамасына қатаң сәйкестікте сайлауды өткізу және қоғамдық және өзге де қауіпсіздікті қам­та­­масыз ету қажеттігіне аударды.

Түркістан және Жамбыл облыстарының қанатқақты аудандарына барған кезде учас­келік сайлау комиссиялары мүше­лерінің кәсіби даярлық деңгейіне баға­лау жүргізілді. Оқыту семинарлары ая­сында дәстүрлі түрде «Дауыс беру күні» іскерлік ойыны өткізіліп, сайлау үде­рі­сі­не қатысушылардың құқықтары мен мін­деттері туралы кейстік тапсырмалар, да­уыс беру күні туындайтын стандартты емес жағдайлар модельденді және оларды ше­шу тәсілдеріне түсініктемелер берілді.