Ханчжоудағы (Қытай) Азия Пара ойындарында қоржынға алғашқы күміс түсті, деп жазады Egemen.kz.
Отандасымыз Бибарыс Спатай пара каноэден 43.601 секунд нәтижесімен екінші орын алып, күміс жүлдеге қол жеткізді.
Сондай-ақ Қазақстан спортшысы Максим Богатырев пара каноэден 58.479 секунд көрсеткішімен қола медаль жеңіп алды.