Бүгін Семей қаласындағы №40 мектептің жертөлесі отқа оранды. Анықталғандай, жертөледе тұрған трансформатордың электр сымдары тұйықталып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, өрт сөндірушілер мектепке 5 минутта келіп жеткен. Жедел әрекет еткен ТЖ мамандары жалынды 12 минут ішінде оқшаулап, сағат 9:41-де толық сөндірген.
Оқиға кезінде ғимаратта болған 371 оқушы мен 45 қызметкер қауіпсіз жерге көшірілді. Өртке байланысты оқушылар қашықтан оқыту форматына ауыстырылған.