• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Қазан, 2023

Ақтөбе мен Хромтаудың арасына қатынайтын автобус бөлініп қалайын деп жүр (видео)

409 рет
көрсетілді

Желіде Ақтөбе мен Хромтаудың арасына қатынайтын автобус бейнеленген бейнежазба тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұрғындардың сөзінше, екі араға қатынайтын қоғамдық көліктер отыз жылдан бері жаңартылмаған көрінеді. Ал желіде шу тудырған автобус «Керуен» ЖШС-ына тиесілі.

Ақтөбе облысы әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, өңірдегі аудандарға 11 бағыт бойынша жолаушылар тасымалы ұйымдастырылған. Ақтөбеден Хромтау, Қобда, Мәртөк, Алға бағыттары бар.

«Хромтау бағытында қиын жағдай туындап тұр. Жауапты «Керуен» ЖШС-ның автобустары ескірген. Келісімшарт 2013 жылы жасалған. 10 жыл болды. Ал автобустары 90-шы жылғы. Ескі автобустар болған соң ол шарт талаптарын орындай алмай отыр. Күнделікті 10-12 рейс жасау керек болса, ол күніне 3-6 рейс қана шыққан. Сондықтан биыл тамыз айында «Қала транс» ЖШС шақырылып, олар қосымша 5 автобусты желіге шығарды. Өкінішке қарай, жол нашар, автобустар да ескі. Жиі-жиі жолда бұзылып қалады», деді басқарманың бөлім басшысы Есбол Базарғалиев.

Белгілі болғандай, «Қала транс» ЖШС-мен тағы қосымша автобустар шығаруға келісім жасалған. Әрі жаңа автобус болмағанымен, жағдайы жақсы болуы тиіс деп талап қойылды.

Жауапты басқарма өкілі «Керуен» ЖШС-ға тиесілі автобустар 1989-1990 жылдары алынғанын атап өтті.

«Оларда 8 ғана автобус бар. Видеоны көрдік. Бұл күні «Volvo» автобусы шыққан. Оған шара қолданамыз», деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан.