• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Президент 23 Қазан, 2023

Жүрсін Ерманның құдасы Тедрос Гебрейесус Президентті де «құда» деп атады

591 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус Қазақстанға келіп, Астана декларациясының бес жылдығына және алғашқы медициналық-санитарлық көмек туралы Алматы декларациясының қабылданғанына қырық бес жыл толуына арналған халықаралық конференцияға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қонақ алқалы жиында сөйлеген сөзінде Қазақстан Президентін жақын тартып, құда деп атады.

«Құрметті құда, туысқан мырза! Қазақстанға келу мен үшін шынымен де үлкен мәртебе. Мен Қазақстанды өз елімдей көремін», деді Тедрос Гебрейесус сөйлеген сөзінде.

Ол келіні қазақ ұлтының өкілі екенін алға тартып, өзінің біздің елімізге қатысы бар екенін аңғартты.

«Келінім қазақ, сондықтан екі немерем де белгілі бір дәрежеде қазақ ұлтынан. Сондықтан Қазақстан да менің бір елім, өзімді Қазақстанның бір бөлігімін деп есептеймін», деді мәртбелі қонақ.

Айта кетейік, ДДСҰ басшысы - белгілі ақын, ақындар айтысын ұйымдастырушы Жүрсін Ерманның құдасы.